Портал города Капшагай (Капчагай)

Все о городе Капчагай, новости, погода, объявления, история города, фото, видео

Поздразвление акима Капшагая

Рейтинг:   / 0
ПлохоОтлично 

akim1Уважаемые земляки!

Сердечно поздравляю Вас с наступающим праздником всепрощения и добрых дел.

Я уверен что, трудолюбие и целеустремленность капшагайцев, в сочетании с умело организованной деятельностью городских властей, создадут условия для динамичного развития и процветания нашего города.

Вместе, понимая друг друга и помогая друг другу, мы сумеем сделать родной город красивее и современнее.

Желаю вам, дорогие капшагайцы, доброго здоровья, успехов, счастья и любви

Аким города Капшагай
Н.А. Таубаев

 

Құрметті халайық! Қолында құраны, жүрегінде иманы бар барша мұсылман қауым!

Өмір деген ұлы көшпен ілесіп, жанымызға жақын тағы бір мереке Құрбан айтымыз келіп жетті. Бүгінгі мүмкіндікті пайдалана отырып, барлықтарыңызды өзімнің атымнан, осы өңірдегі ел- жұртымның атынан баршамыздың қадір тұтатын осы мерекесімен құттықтағым келеді.

Жасыратыны жоқ, кешегі кеңестік империяның идеологиясы дінімізден айырғаны тарихтан белгілі. Егемендік алғалы еліміздің еңсесі көтеріліп, дінімізбен қайта қауышып, еліміздің түкпір-түкпірінде Алланың ақ үйі – мешіттер ашылып, имандылыққа бет бұрған бауырларымыздың қарасы молайып келе жатқаны тағы анық. Бұл-қуанарлық жағдай. Оған да шүкіршілік еткеніміз дұрыс.

Бүгінгі мереке біз үшін несімен құнды? Ең бастысы, жетпіс жыл бойы жоғалтқанымыз қайта оралып, ата дәстүр-салтымызға, діни сенімімізге қайта бет бұрып жатқан жағдайымыз бар. Дініміз арқылы әр жүрекке имандылық дәнін себе білсек, өткенімізге баға беріп, келешегімізді болжай алатын жағдайға жетеміз, кешегі күн мен келешек арасына алтын көпір боламыз деген ой осы елдің бүгінгі жер бетін басып жүрген перзенті ретінде менің санамды мазалайды.

Біздің көп ұлтты Қазақстан халықтары үшін Құрбан айт – игілік пен қайырымдылықтың, түсінушілік пен кеңпейілділіктің, жомарттық пен ынтымақтастықтың бейнесі. Нақты осы қасиеттер мемлекетте тұрып жатқан түрлі дінді тұтынатын адамдардың өз ара қарым- қатынасына тән.

Осының арқасында біздің Республикамыз экономика, саясат және әлеуметтік салада үлкен жетістіктерге жетті. Мұның бәрі ең алдымен әрбіріміздің қажырлы да қайратты еңбегімізге, өз ара түсіністік пен ынтымаққа, еліміздегі ішкі саяси тұрақтылыққа тікелей байланысты.

Елбасының жүргізіп отырған салиқалы саясатының арқасында елімізде діндер мен мәдениеттердің санқилылығына қарамастан қазақстандықтар арасында сыйластық пен сенімділік қатынастары дамуда.

Қасиетті Құрбан айт жүрегімізге қуаныш ұялатып, біздің рухани тазалығымызды қамтамасыз етсін. Жүрегімізді қуанышқа бөлеп, барлық ақ ниетті істерімізді қолдасын. Осы мереке әрқайсымыздың болашаққа деген үміт- сенімімізді нығайтып, жандандыратын айтулы күн болсын.

Барлықтарыңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен адами бақыт тілеймін.

Барша мұсылманның ерекше қадір тұтатын ұлық мерекесі – Құрбан айтымыз құтты болсын, ағайын.

 

Қапшағай қаласының әкiмi                                          Н.А. Таубаев

 

Добавить комментарий

Вниманию комментаторов!

На портале города Капчагай запрещается:

оставлять комментарии, содержащие призывы к разжиганию межнациональной, социальной и религиозной розни в любом виде;
оставлять комментарии, содержащие сведения, порочащие чьи либо честь и достоинство, не подтвержденные документально, и относящиеся к разряду клеветы;
оставлять комментарии, оскорбляющие честь и достоинства героев материала или других комментаторов;
оставлять комментарии, ставящие под сомнение легитимность существующего конституционного строя или содержащие призывы к его смене;
оставлять комментарии, содержащие нецензурную лексику в любом написании;
использовать прописные буквы (режим Caps Lock);

При нарушении данных правил комментарии будут удалены, а комментаторы забанены.


Защитный код
Обновить

 

Поделитесь ссылкой

 

 

Рекомендуем прочитать